Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері

Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері

«Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері»

2022 жылдың 22-23 қарашасында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты екікүндік аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Семинар барысында мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен соңғы үш жылда жарық көрген заманауи оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнымен таныстыру мақсатында Жетісу, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары көрме ұйымдастырды.

       Семинарда кіріспе сөз алған Жетісу облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ермек Сүндетбайұлы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

       Семинардың модераторы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры Жеңіс Хамитұлы шараның мәні мен маңызына, тіл үйретуддегі өзекті мәселелерге басымдық берді.

        Алғашқы бөлімде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Мұратқызы Фазылжан «Мемлекеттік тіл:бүгіні мен болашағы» атты құнды баяндамасын жасады.

      Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту ресрстарын тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама жасай отырып, Қарағанды облысыныда кәсіби салаға бейімдеп оқытуда соңғы үш жылда жарық көрген оқу құралдарының ішкі мазмұны мен құрылымын таныстырды.

     Семинардың екінші бөлімінде тіл оқыту орталықтарының оқытушылары өңірлерден келген орталық оқытушылары ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың қорытынды бөлімінде орталық басшылары, тіл мамандары, әдіскерлер әр сабақтың ерекшелігі мен жаңашылдығына, болашақта назарға алу керек кемшіліктеріне ұсыныстар жасалды.