НОТАРИУСТАРМЕН ЖҰМЫС

НОТАРИУСТАРМЕН ЖҰМЫС

НОТАРИУСТАРМЕН ЖҰМЫС

Нотариаттық iс жүргізу кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу және ұсыну мәселесі бойынша жұмысты күшейту туралы Халықаралық Қазақ Тілі Қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалымен бірлесе отырып, Қарағанды облысының нотариаттық палатасына қарасты нотариустарға вебинар ұйымдастырылды.

- «Нотариат туралы» ҚР Заңының (1,5-баптар) талаптары;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының (4,15-баптар) талаптары;

- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды;

- "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы талаптары екі тілде түсіндірілді.

Ресурстық тіл орталығы мамандары тарапынан нотариустардың көрнекі ақпараттарына жүргізілген мониторинг барысында анықталған қателіктер бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Нотариаттық іс жүргізу шаблондары екі тілде дайындалғанымен, тұтынушы тараптан мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап ететіндер қатары аз екендігі анықталды.

Сондықтан тұтынушы ретінде алдымен сіз талап ете біліңіз!