Ахмет Байтұрсынов атындағы облыстық байқаудың жеңімпазы анықталды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы облыстық байқаудың жеңімпазы анықталды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы облыстық байқаудың жеңімпазы анықталды.

Қарағанды  облысының  тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасы

оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, ересектерге қазақ тілін тиімді оқыту әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау мақсатында  2022 жылғы 24 тамызда                       Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық  байқауын өткізді.

Байқауға  Қарағанды, Саран, Шахтинск, Балқаш қалаларынан ересектерге сабақ беретін оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.

Байқауға қатысушыларды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық  университетнің ф.ғ.к., профессор, Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы,  Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы,Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы бағалады.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі қатысушылар жүлдегер атанды:

Бас жүлде – Қарағанды қаласы «Шырақ»  оқыту орталығының оқытушысы   Смықова Әсия;

І орын – Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бабашева Меруерт;

ІІ орын – Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушы- әдіскері  Марченко Карина;

ІІІ орын – Балқаш қаласының тілдер орталығының оқытушысы Таутанова Тоғжан лайық деп танылды.

Жүлдегерлер  дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

.