Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауды өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру;
- оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу;
- тілдерді оқыту орталықтарының авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді оқыту әдістемелері бар оқытушыларын ынталандыру, қолдау және марапаттау.
- ересектерге мемлекеттік тілді авторлық бағдарламасымен оқытатын шығармашыл әлеуеті бар оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау;
- оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
- қазақ тілін меңгертудің озық авторлық әдістемелерін тарату.
2.1 Байқаудың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).
2.2 Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында бір ай бұрын жарияланады және байқау Ережесі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2.3 Байқау облыс аумағында ересектерге қазақ тілін оқытатын оқытушылар, тіл оқыту орталықтары және курстарының оқытушылары, әдіскерлері арасында өтеді.
2.4 Байқау 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: Қатысушылар портфолиосы мен бейнематериалдарын әділқазылар алқасына танысу, талдау, бағалау үшін ұсынады.
Іріктеу кезеңі онлайн режимде өткізіледі, нәтижесінде 6 адамнан кем емес үміткер іріктеледі;
Қатысушылар портфолиосында:
- қазақ тілін жеделдетіп оқытудың алгоритмі;
- лексикалық минимумды іріктеу және оқыту тәсілдері;
- оқу материалын ұсынудың ерекше әдістері;
- нәтижеге қол жеткізетін инновациялық тиімді әдістер қамтылуы қажет.
Өзін және авторлық бағдарламасын таныстыратын бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет.
Екінші кезең: Іріктелген үміткерлер авторлық бағдарламаларын көрсететін бейнесабақ үлгілерін (ашық сабақ фрагментін) қазылар алқасының алдында қорғайды (15 минуттан кем емес);
Үшінші кезең. Бұл кезеңде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы, атап айтқанда қазақ тілі мен әдебиеттануға, терминологияға қосқан үлесі жайлы 30 сұрақ ұсынылады. Қатысушыға 30 сұрақтың екеуін таңдап алу мүмкіндігі беріліп, сұрақтарға дайындықсыз, толық жауап беру талабы қойылады.
Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Әділқазылар алқасының шешімі хаттама түрінде бекітіледі. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады. Байқау өтінімі берілген қосымшаға сәйкес төмендегі электрондық мекенжайларға жолданады.
Байланыс телефондары: 8(7212) 510188, 513800, 8 701 953 0937, URYa_til@krg.gov.kz , qaz_lingva@mail.ru.
Қосымша
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауға қатысуға өтінім
Қолы
Күні