Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар, көсемсөз шеберлері мен этнографтардың республикалық әдеби-шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар, көсемсөз шеберлері мен этнографтардың республикалық әдеби-шығармашылық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар, көсемсөз шеберлері мен этнографтардың республикалық әдеби-шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының әкімдігі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2022 жылдың қазан айында көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай,   жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің республикалық  әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: облыс тұрғындарының тіл мәдениетін көтеру; көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру; өзіндік жазу өрнегі бар жас жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау; ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау талаптары:   байқауға 20-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады; үміткерлердің шығармалары қазақ және орыс тілдерінде проза және көсемсөз, этнография жанрлары бойынша қабылданады; бұған дейін осы байқаудың арнайы жүлдесіне ие болған жеңімпаздар қатыса алмайды.

Байқау жүлдегерлері әр жанр бойынша арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Байқаудың ақтық сыны мен марапаттау салтанатына қазылар алқасы іріктеген 10 үздік шығарма иегерлері ғана қатыстырылады. Олардың жол шығындары мен жатын орындары ұйымдастырушы тарапынан қарастырылады.

Арнайы жүлде – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Байқауға  қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2022 жылғы 20 қыркүйегіне  дейін kar_til@krg.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 5513800, 8 7028129378.