АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Осы жылдың 29 қазанында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік әдістеме» облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін анықтау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, өңірлердегі халыққа қазақ тілін оқытумен айналысатын әдіскерлер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, оның ішінде жаңа графика, олардың әдістемелік біліктілігін арттыру, үздік тәжірибені насихаттау.

Байқау жеңімпаздары бірнеше критерийлер бойынша анықталды, оның ішінде сабақтың тақырыбын ашу, әртүрлі әдістерді қолдану, ақпараттық технологиялар, сабақ тақырыбын түсіндіруде оқыту платформалары, тыңдаушылармен кері байланыс орнату мүмкіндігі.

Байқауға қатысушыларды қазылар алқасының мүшелері – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, ф.ғ.к., ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Мархаба Тұрсынова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Бақыт Айтбаева, «Qaz Лингва» орталығының директоры Гүлназ Мұстағұлова, 2020 жылғы «Үздік әдістеме» облыстық конкурсының жеңімпазы Береке Жарылғапова, сондай-ақ Қарағанды қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Мұратбек Сүлейменов бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Райхан Балтабаева үшінші орынға ие болды. Екінші орынды Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Бақыт Нукич алды. Әл-Фараби атындағы гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсел Тоимбекова облыстық байқаудың бірінші орын иегері және 189 873 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.