ТІЛ МАМАНДРЫНА ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТІЛ МАМАНДРЫНА ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТІЛ МАМАНДРЫНА ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

21 қазанда Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қалалық білім бөлімінің және Ресурстық тіл орталығы бірлесе ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Шеттілдік сөздерді игерудің модельдері» тақырыбында вебинар өткізілді.

Курс барысында қатысушыларға тақырып негізінде шеттілдік сөздердің жазылу тарихы туралы ақпараттар беріліп, оларды игерудің төмендегі модельдері түсіндірілді:

- әріп моделі;

- тіркес моделі;

- қосымша моделі.

Сондай-ақ жаңа графика нұсқасынан түсіп қалған әріптермен келетін сөздерді игеру жолдары орталықтың «Сөздер сөйлейді» жобасы арқылы түсіндірілді.

Вебинарды Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы өткізді.

P.S. Үнемі жүргізіліп отыратын түсіндіру жұмыстары алдағы нәтиженің кепілі болмақ!