ТАРИХШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТТІ

ТАРИХШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТТІ

ТАРИХШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТТІ

2021 жылғы 18 қазанда Қарағанды қаласындағы қазақ сыныптары мен орыс сыныптарындағы тарих пәні мұғалімдері үшін жетілдірілген әліпби жобасын таныстыруға арналған «Жаңа әліпбидің жаңалығы» атты вебинар жеке-жеке ұйымдастырылды.

Онлайн шара барысында латын графикасына көшудің тиімділігі мен өзгешелігі кириллица әліпбиімен салыстырмалы түрде түсіндірілді. Сондай-ақ латынның 23 базалық әріптерімен мектеп қабырғасынан бастап таныстығымыз және бүгін де брендтік тауарлардың атауы осы графикада жазылуының арқасында бұл әріптерге әбден көзіміз үйренгені мысалдармен дәлелденді.

Тыңдаушыларға қазақтың төл дыбыстарын таңбалайтын әріптер таныстырыла отырып, ондағы диакритикалық белгілердің мағынасы түсіндірілді.

Жалпы, білім саласына жаңа әліпби қандай өзгерістерімен келетіндігі ортаға салынып, сұрақтарға жауап берілді.