«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» мүшәйрасы болып өтті

«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» мүшәйрасы болып  өтті

«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» мүшәйрасы болып  өтті

Қарағанды облысының әкімдігі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына сәйкес ақын атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасы өз мәресіне жетті.

Жүлдегерлерді марапаттау салтанаты А.Е.Бөкетов атындағы Қарғанды мемлекеттік университетінде болып өтті.

18-45 жас аралығындағы 100-ге жуық ақындар қатысқан жыр додасына қазақтың белгілі ақындары Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан,   Серік Ақсұңқарұлы, Серік Сағынтай, Жанат Жаңқашұлы қазылық етті.

 

Жеңімпаздар:

 

БАС ЖҮЛДЕ  - Ғылымнұр Кәдірбай (Нұр-Сұлтан қ.)

І ОРЫН - Әсел Оспан (Алматы обл.)

ІІ ОРЫНДАР - Мирас Асан (Нұр-Сұлтан қ.) Дәурен Тілеухан (Ақтөбе обл.)

ІІІ ОРЫНДАР - Есей Жеңісұлы (Алматы обл.)

Айзада Рақымжанова( Нұр-Сұлтан қ.), Асыл Сұлтанғазы (Ақтөбе обл.)

 

Арнайы жүлделер:

 

Дәуітәлі Стамбеков ат. жүлде - Әли Бекмұхамбетов (Шығыс Қазақстан обл)

Кәрім Сауғабай ат. жүлде -  Ерік Нарын (Қарағанды обл. )

Бүркіт Ысқақұлы ат. жүлде - Сайлаухан Жоланов (Түркістан обл.)

Сайлаухан Нәкенов ат.жүлде - Абай Ораз (Қарағанды обл.)

Жеңіс Қашқынов ат. жүлде - Көгедай Шәмерханұлы (Шығыс Қазақстан обл.)