Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

2021 жылдың қараша айында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаттары: облыс тұрғындарының тіл мәдениетін көтеру; көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру; өзіндік жазу өрнегі бар жас жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау; ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

         байқауға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады; үміткерлердің шығармалары қазақ және орыс тілдерінде проза және көсемсөз жанрлары бойынша қабылданады; бұған дейін осы байқаудың арнайы жүлдесіне ие болған жеңімпаздар қатыса алмайды.

Байқау жүлдегерлері проза, көсемсөз жанр бойынша дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Арнайы жүлде – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

Байқауға  қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2021 жылғы 5 қарашаға  дейін kar_til@krg.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

 

Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476, 8 7028129378.