ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

13 қыркүйекте №134 мектепте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру мақсатында онлайн-кездесу өтті. Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова мектеп басшылығының өтінішімен өзге де қонақтар қатарында кездесу қонағы ретінде қатысып, негізгі мақсатқа сәйкес ой қозғады. Әңгіме мемлекеттік тілдің маңызы, мектепте шет тілдерінің оқытылуы, қазақ жазуын латын графикасына ауыстырудың себебі мен салдары төңірегінде өрбіді.

Кездесуге мектеп басшылығы, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Оқушылар тарапынан тақырып төңірегінде сұрақтар қойылып, өзара сұрақ-жауап алмасу болды.