МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 қыркүйекте мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, латыннегізді графика нұсқасына байланысты жаңалықтармен бөлісу мақсатында Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова қаламыздағы №25 орта мектеп ұстаздарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесуге мектептің қазақ сыныптарына сабақ беретін барлық пән мұғалімдері қатысты.

Шара барысында кеше ғана аталып өткен Тілдер мерекесінің ерекшелігі, қоғамдағы орны, жалпы қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі, тіл мәртебесін арттыру бағытында қолға алынған шаралар туралы сөз қозғалды.

Сондай-ақ латыннегізді графиканың қазір қоғам мүшелеріне түсіндіріліп, насихатталып жүрген нұсқасы таныстырылып, жазылым мен айтылым мәселесі тілге тиек болды.