500 АДАМ БІР УАҚЫТТА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

500 АДАМ БІР УАҚЫТТА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

500 АДАМ БІР УАҚЫТТА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Бүгін 6 қыркүйекте Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай және қазақстандық патриотизмді және интеркультурализм қағидатын ілгерілету мақсатында жетілдірілген латыннегізді әліпби нұсқасында онлайн «Jalpyoblystyq audiodiktant» өткізілді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай алынған «Ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл» атты тақырыпта 104 сөзден тұратын мәтінді қатысушылар еш қиындықсыз жазды. Осыған дейін облысымыздың мемлекеттік қызметшілері, азаматтық қызметшілері, білім саласының орта және арнаулы мекемелерінің мамандары, сондай-ақ қаламыздың ерікті тұрғындары Ресурстық тіл орталығы тарапынан ұйымдастырған бірқатар насихат шараларына қатысып, жетілдірілген әліпби нұсқасымен танысқан болатын.

Ал бүгінгі шара бұған дейінгі жүргізілген дағдыландыру жұмыстарының жоғары нәтижесін көрсетті.