СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылдың 28 шілдесінде Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл сарайы» ЖММ «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» тақырыбында семинар-тенинг өткізді.

Аталған шараға Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақанова спикер ретінде қатысып, «Әліпби ауыстыру және мемлекеттік тіл мәселесі» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушыларға графиканың өзгеру себебі, өзгергеннен кейінгі салдары, әліпбидің жаңа нұсқасы және өзгерген әріптердің ерекшелігі, қазақ жазуын латыннегізді жаңа әліпбиге көшіру барысында мемлекеттік тілге байланысты шешімін табуға тиісті мәселелер төңірегінде жан-жақты ақпарат берілді.

Семинар-тренингке банк, медицина, халыққа қызмет көрсету саласы мамандары қатысты.