«АЛМАГҮЛ» БӨБЕКЖАЙЫНА НАСИХАТ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«АЛМАГҮЛ» БӨБЕКЖАЙЫНА НАСИХАТ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«АЛМАГҮЛ» БӨБЕКЖАЙЫНА НАСИХАТ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

23 шілдеде «Алмагүл» бөбекжайына латын әліпбиі бойынша орыстілді аудиторияға тренинг өткізілді.

Семинар барысында жетілдірілген әліпбидегі өзгерістер, диакритикалық белгілердің ерекшеліктері түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар берілді.

Мекеме қызметкерлері ересектерге латын әліпбиінің үйретілуі, шеттілдік сөздердің жаңа әлібиде жазылуы туралы ақпарат алды. Сондай-ақ латын графикасына көшудің маңыздылығы қозғалып, пікірлер талқыланды.

Тыңдаушылар «жазу оңай, оқу қиын» деген пікірлерімен бөлісті. Семинар әрі қарай мамандардың жекелеген ұсыныс-пікірлері негізінде өрбіді.

 

Шараға барлығы 22 адам қатысты.