«AUDIODIKTANT JAZAIYQ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«AUDIODIKTANT JAZAIYQ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«AUDIODIKTANT JAZAIYQ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-нің мамандары кезекті «Audiodiktant jazaiyq» акциясына қатысты. Қатысушыларға алдын-ала көмекші құрал ретінде жаңа әліпби нұсқасы жіберілді. Олар 146 сөзден тұратын мәтінді жаңа әліпбиде жазып шықты. Диктант «whatsupp» әлеуметтік желісі арқылы сағат 15.00-де басталып, 16:00-де аяқталды.

Диктант соңында барлық қатысушыға жазған диктанттарын тексеру үшін мәтін нұсқасы берілді. Диктантқа қатысқан әр маман өз жұмысын тексеріп, қателерін түзеді. Жазба жұмыстарын ұйымдастырушыға жіберген соң, жиі жіберілген қателіктер анықталды.

Диктант қорытындысы бойынша Ş, İ, Ñ сияқты диакритикалық белгілердің дұрыс таңбаланбаған тұстары кездесті.