Қала халқына жаңа нұсқаны таныстыру жұмысы басталды

Қала халқына жаңа нұсқаны таныстыру жұмысы басталды

Қала халқына жаңа нұсқаны таныстыру жұмысы басталды

2021 жылдың 8 шілдесінде Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы жалпы қала халқына ZOOM платформасында латыннегізді жаңа графика бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Осы жолғы іс-шараға мәдениет саласы мамандары қатысты.

Вебинарға қатысқан мамандар графиканың өзгеру себебі, өзгергеннен кейінгі салдары, әліпбидің жаңа нұсқасы және өзгерген әріптердің ерекшелігі туралы ақпарат алды.

Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараттық қолдауымен бұдан әрі осындай түсіндіру жұмыстары апта сайын белгіленген күндері тұрақты жүргізілетін болады.