Акция «Audiodiktant jazaiyq» продолжается

Акция «Audiodiktant jazaiyq» продолжается

«Audiodiktant jazaiyq» акциясы жалғасуда

Бүгін Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары «Audiodiktant jazaiyq» акциясына қатысты. 146 сөзден тұратын мәтінді жаңа графикада жазып шықты. Диктант «whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы сағат 16.00-де басталып, 16:40-та аяқталды.

Қатысушыларға көмекші құрал ретінде жаңа әліпби нұсқасы алдын-ала жіберілді. Диктант соңында барлық қатысушыға жазған мәтіндерін тексеру үшін латын қарпінде терілген мәтін нұсқасы берілді. Әркім өз жұмысын тексеріп, қателерін түзеді.

Диктант қорытындысы бойынша Ş, Ñ, İ әріптерінің диакритикалық белгілері дұрыс таңбаланбаған жұмыстар кездесті.