КОЛЛЕДЖ МАМАНДАРЫ ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ МАМАНДАРЫ ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ МАМАНДАРЫ ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

8 маусымда Қарағанды көлік-технологиялық колледж мамандарына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында жетілдірілген әліпби нұсқасы таныстырылып, ондағы жекелеген диакритикалық таңбаларға көңіл бөлінді.

Негізгі базалық әріптерді еске түсіру үшін оңай сөздер оқытылды. Жаттығулардың легі өз аты-жөндерін дұрыс қазақша жазудан басталып, төлқұжаттарды ауыстыру барысында қандай өзгешеліктер болатындығы түсіндірілді.

Біраз жаттығу жұмыстарын орындаған соң, колледж мамандары аудиодиктант жазды. Жазу жұмысы аяқталған соң, экранда толық диктант мәтіні көрсетіліп, қатысушылар өзін-өзі тексерілді.

Тренинг соңында қатысушылардың жетілдірілген әліпби нұсқасын бірден қабылдап үйренуге болатындықтарына көздері жетті. Әліппедегі әріпті ғана меңгеру аздық ететіндігі және сауатты жазу үшін курстарға қатысу керектігі ескертілді. Емле ережесін үйрену керектігі айтылды. Жаңа графикаға қатысты әртүрлі сұрақтар қойылып, тренер тарапынан нақты жауап алынды.