КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІ ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІ ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІ ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

1 маусымда Тау-кен колледжінің мұғалімдеріне «Латинская графика: навыки чтения и письма» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталмыш шараға орыс тілі мұғалімдері белсене қатысып, сұрақтарына жауап алды.

Шара барысында өзге ұлт өкілдеріне төл әліпбиімізге көшудің маңыздылығы, диакритикалық таңбалардың атқаратын қызметі, әліпбиден түсіп қалған әріптер жан-жақты түсіндірілді. Мұғалімдер жетілдірілген әліпби бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Шара соңында қатысушылар алдағы уақытта емле ережесін түсіндіруге арналған вебинарлар болса деген ұсыныс айтты.