"ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК" ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

"ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК" ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

"ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК" ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

1маусым күні Қарағанды облысының өңірлеріндегі латын графикасына жауапты әдіскерлеріне арналған «Әдістемелік көмек» атты онлайн вебинар өткізілді.

Вебинар барысында мамандарға жетілдірілген әліпбидің ерекшелігі мен диакритикалық белгілердің қолданысы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, төл әліпбиді насихаттауға арналған әлеуметтік желідегі жобалар мен жаңа әліпбиге қатысты кейбір мәселелер ортаға салынды.

Сонымен қатар латын әліпбиін көпшілік қауымға түсіндіру әдістері туралы кеңес берілді.

Шара соңында өңір әдіскерлері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұтымды жауап алды. Аталған вебинардың жас мамандарға берері мол деген ойдамыз.