ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2021 жылғы 4 мамырда «Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбында Қарағанды облысының Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына насихат жұмысы ұйымдастырылды.

   Шара барысында тыңдаушыларға жетілдірілген әліпбидегі өзгерістер, диакритикалық белгілердің ерекшеліктері түсіндірілді. Мекеме қызметкерлеріне жазылым мен оқылым оңтайлылығын қалыптастыру мақсатында практикалық тапсырмалар берілді.

      Қатысушылар «Бүгінгі ой» жобасындағы жетілдірілген әліпбимен берілген қанатты сөздерді оқып, әліпби нұсқасының оңтайлылығына көз жеткізді.