Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу құралы

Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу құралы

Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу құралы

Қарағанды облыстық сотының тапсырысымен Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу құралы» жазылып, тұсаукесері өтті.

Оқу құралы сот жүйесінің қызметкерлеріне, судьяларға арналып, қарапайым деңгейде кәсіби салаға бейімделіп әзірленді. Қарапайым деңгейде меңгерудің түрлі әдістері тыңдап түсіну, оқып түсіну, қазақ тілінде жаза білу мен сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

Іс-шара ZOOM платформасында облыстық соттардың төрағалары мен судьялары, республикалық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері,  ғалымдар мен тіл жанашырларының қатысуымен болды.

Түсаукесерге Жоғарғы Сот Төрағасы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Н.Қарағойшина, Назарбаев университетінің профессоры, ф.ғ.д. З.Күзекова, Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Əмір, облыстық соттың ұжымын құттықтап,  жылы лебіздерін білдірді. 

Оқу құралының авторлары Игенова Алмагүл Ақмашқызы, Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы, Динара Қуанбаева Әбілсейтқызын, көркемдеуші дизайнер Есмағамбетов Әсет Хасанұлы Қарағанды облыстық сотының алғысхатымен марапатталды