ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МАМАНДАРЫНА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МАМАНДАРЫНА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МАМАНДАРЫНА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

25 наурызда ұйымдастырылған шараға «Сөйле» оқытушылар клубының мүшелері қатысты. Насихат шарасында қатысушыларға жетілдірілген әліпби жобасы таныстырылып, құрамына енген әріп таңбалары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Қатысушылар медицина саласының өкілдері болғандықтан, оқылым тапсырмасы ретінде салалық терминдер берілді. Терминдердің латынмен берілген нұсқасын оқуда бәрі бір кісідей белсенділік танытты. Алдағы уақытта қазақ жазуы латын графикасына көшірілген кезде медицина саласы мамандары жаңа әліпби бойынша оқу мен жазуды жылдам меңгеріп кетеді деген ойдамыз.