"ЕРКІН МИКРОФОН" ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ — НАР ЖАҢАБЕК НҰРТАЙҰЛЫ

"ЕРКІН МИКРОФОН" ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ — НАР ЖАҢАБЕК НҰРТАЙҰЛЫ

"ЕРКІН МИКРОФОН" ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ — НАР ЖАҢАБЕК НҰРТАЙҰЛЫ

18 наурызда Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлескен «Еркін микрофон» жобасы ұйымдастырылды. Жобаға  «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі, тіл жанашыры Нар Жаңабек Нұртайұлы қонақ ретінде қатысты.

Спикер журналистика саласына келген жолына тоқтала отырып:

мемлекеттік тілге қатысты заңның орындалуына қарапайым халық та атсалысу керектігін;

әр адамның тілге деген жауапкершілігі болуы керек екенін;

жарнама тілі заңды дұрыстап, талапты күшейтсек ғана түзелетінін алға тартты.

Сондай-ақ жапон халқының үлгісімен мектеп ашу, қазақ тілінде балаларға арналған мультфильмдер, анимацияларды жеткілікті шығаруға мән беру, мектеп бағдарламасындағы әр пән бойынша  ұлттық құндылықтар ескерілуі керектігіне басты назар аудару керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ қатысушыларды фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзі ашқан «Тіл сақшылары» тобына қосылуға шақырды.

Шараға барлығы 35 адам қатысты.