КЕЗЕКТІ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨТКІЗІЛДІ

3 наурызда Қарағанды қаласының №76 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына «Жаңа әліпбимен танысамыз» атты жобаның кезекті түсіндіру жұмысы өткізілді. Аталмыш шараға 10-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Танымдық сағатта әліпбидің жаңа жобасы туралы толық ақпарат берілді. Мектеп оқушыларына жетілдірілген әліпбидегі өзгерістер, диакритикалық белгілердің ерекшеліктері түсіндірілді.

Оқушылар практикалық тапсырмаларды орындады.