АБАЙДЫҢ ТҰЛҒАСЫ МЕН МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

АБАЙДЫҢ ТҰЛҒАСЫ МЕН МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

АБАЙДЫҢ ТҰЛҒАСЫ МЕН МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың жазба поэзиясының негізін салушы ірі тұлға - Абай шығармаларының тілдік өрнегімен таныстыру мақсатында «Абай шығармалары қолжазбаларының тілі» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

 Дәріс барысында Түркия Республикасы Тоқат Газиосманпаша университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ержан Петек пен аталған университеттің оқытушысы, PhD докторы Мәрлен Әділов Абай қолжазбасы төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ғалымдар Мүрсейіт қолжазбасының негізінде Абай ғақлияларына жасалған текстологиялық талдауларымен таныстырды.

Шара модераторы Жұпар Рысқұлқызы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында екі ғалымның да жаңаша ізденіске негізделген кітабы жарық көргенін атап өтті. Ержан Петек мырзаның «Ғақлия кітабы» Абай текстологиясына, қара сөздерінің лексикасына талдау жасалғанына, транскрипциясы қоса берілген іргелі еңбек ретінде бағаланатынына ерекше мән берді.

Онлайн дәріске Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Нұр-Сұлтан, Петропавл қалаларындағы ЖОО-ның ғалымдары, Түркістан қаласындағы және облыс өңіріндегі тіл мамандары, тіл жанашырлары, білім ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ Польшадан қарағандылық ғалым қатысты.

Екі елдің арасында алтын көпір болып, мазмұнды дәріс оқыған Ержан Петек пен Мәрлен Ерланұлына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының Алғысхаты тапсырылды.

Абайтанушы-ғалымдарға ерекше алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!