МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫ МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫ МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫ МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаңа әліпби бекітіліп, үйрету, оқыту жұмыстары басталғанда ең басты салмақ мектепалды дайындық тобы мен бастауыш сынып мұғалімдеріне түсетіні белгілі. Осыны ескере отырып, 2021 жылғы 2 наурызда аталған санат өкілдері үшін «Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбында кезекті насихат шарасы ұйымдастырылды.

Қатысушыларға әліпби құрамы, ондағы ерекше диакритикалық таңбамен келген әріптер, әліпбиден алынып тасталған әріптер туралы толық ақпарат берілді.

Орталық тарапынан қолға алынған жобалар таныстырылып:

«Ärıpter söileidı»

«Bügıngı oi»

«Oimaqtai oi»

«Aitylym men jazylym bırdei me?»  жобаларындағы жаңа әліпбимен жазылған сөздер мен даналық сөздер оқылым тапсырмасы ретінде ұсынылды.

Қатысушылар тарапынан орыстілді ортаның жаңа әліпбиді қалай меңгеретініне байланысты қойылған сұраққа нақты жауап берілді.