Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы

Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы

2021 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» тақырыбында Қарағанды облысының қаржы басқармасы мамандарына насихат шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында жетілдірілген әліпбидің көрші түркітілдес халықтармен ұқсастықтары және халықаралық стандартқа сәйкес алынған диакритикалық белгілердің атқаратын қызметтері кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ Ресурстық тіл орталығы тарапынан оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Бүгінгі ой» жобасы арқылы практикалық тапсырмалар орындалды.  Шараға 40 адам қатысты.