Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы

Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы

19 ақпанда Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» тақырыбында өңірлерден соңғы рет Осакаров ауданының тұрғындарына насихат жұмысы ұйымдастырылды.

 Аталмыш шараға спикер ретінде Қарағанды университеті ф.ғ.к., доцент, тіл жанашыры Бектұрсын Аманқұлұлы Қалиев қатысты.

 Ғалым жетілдірілген әліпби жобасының осыған дейінгі әліпби нұсқаларынан ерекшелігін түсіндірді. Ондағы диакритикалық таңбалардың алыну себебіне, қандай мағына беретініне кеңінен тоқталды. Ғалым әріптердің жазуға қолайлығы мен көзшалымға бірден қабылданатынын жан-жақты дәлелдеп түсіндірді.

 Насихат жұмысына 87  адам қатысты.