Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әдістемелік көмек көрсетілді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әдістемелік көмек көрсетілді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әдістемелік көмек көрсетілді

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіл туралы заңнаманың бұзылу фактілері, қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуі туралы сын пікірлер орын алғаны белгілі. Аталған жағдаймен жете танысып, тиісті әдістемелік көмектер көрсету мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары 2021 жылғы 22 ақпанда Қарағанды қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, тиісті жұмыстар жүргізді. Анықталған кемшіліктер бірлескен жұмыс барысында түзетілуде.

Рейд барысында Қарағанды қалалық №1 ХҚКО (Ержанов көшесі, 47/3), Қарағанды қалалық №2 ХҚКО (Чкалов көшесі, 7), Қарағанды қалалық №3 ХҚКО (Шахтерлер даңғылы, 5/2), сонымен қатар ХҚКО мамандандырылған бөлімдерінде (Мұқанов көшесі, 5 және Бытовая көшесі, 18/1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» (21-бап) және «Жарнама туралы» (6-бап) заңнама талаптарының бұзылу фактілері орын алып отырғандығы анықталды. Аталған ХҚКО басшыларына кемшіліктер көрсетіліп, тіл туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Т.Қ. Құсайыновқа көрнекі ақпаратта орын алған қателіктерді түзету, қызметкерлердің қазақ тілін оқыту курстарына қатысуын қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету барысында тіл заңнамасының талаптарын қатаң сақтау туралы хат жолданды.