Жаңа әліпбидің жаңалығы

Жаңа әліпбидің жаңалығы

2021 жылғы 18 ақпанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан Қарағанды облысының білім басқармасымен келісімге сәйкес Балқаш қаласы мен Бұқар жырау аудандары мамандары үшін «Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбында кезекті түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Ақпарат мазмұнында жетілдірілген әліпби құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жаңа әліпбидің пернетақтасы мен каллиграфиясы, әліпбиге көшу уақыты, түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы, мамандар дайындау мәселесі қамтылды.

Әріпті танытып, көздағды және оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар орындалды. Онлайн шараға аталған өңірдің өкілдері белсенді қатысып, жаңа әліпбиге қатысты оң көзқарастарын білдірді.

Түсіндіру жұмысына бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.