Графика современного поколения

Графика современного поколения

2021 жылдың  15 ақпан күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті педагогика факультетітінің студенттеріне «Графика современного поколения» тақырыбында вебинар өткізілді.

Шара барысында латын графикасына негізделген жетілдірілген қазақ әліпбиі таныстырылды. Жаңа жетілдірілген әліпбидің бұған дейінгі әліпбилерден айырмашылығы көрсетіліп, диакритикалық белгілерге сипаттама берілді.

Студенттер жаңа әліпбидегі практикалық тапсырмаларды орындап, сөздерді жарыса оқыды. Болашақ мұғалімдер жаңа әліпбиге оң көзқарас танытты.