2021 жылғы 15 ақпанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты мен Бұқар жырау ауданы «Көкпекті ЖББМ» КММ мұғалімдер ұжымына латыннегізді жаңа әліпби бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Ақпарат мазмұнында жетілдірілген әліпби жобасының әзірлемешілері, әліпби құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жаңа әліпбидің пернетақтасы мен каллиграфиясы, әліпбиге көшу уақыты, түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы сияқты мәселелер қамтылды.
Сондай-ақ жетілдірілген әліппенің халықаралық стандарт пен әлемдік даму талаптарына жауап бере алатындығы ортаға салынды. Онлайн семинар соңында қатысушылар «Бүгінгі ой», «Әріптер сөйлейді» жобаларымен танысып, оқылым дағдысын қалыптастырды.
Онлайн шараға қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып, жаңа әліпбиімізге қатысты оң көзқарасын білдірді.