Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы
12 ақпанда Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы» тақырыбында Қарағанды қаласының білім бөлімінің мамандарына насихат жұмысы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараның спикері Ж.Жақанова латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелеріне тоқтала отырып, әліпбидегі әріптерді таныстырды.
Ондағы әр әріптің өзгерісімен қоса цитаталық принциппен жазылатын W, C, X таңбалары туралы түсіндірді.
Сондай-ақ жетілдірілген әліппенің тілдік және әлемдік даму талаптарына жауап бере алатындығына мысалдар арқылы көз жеткізді. Онлайн семинар соңында «Бүгінгі ой», «Әріптер сөйлейді» жобаларымен таныстырды. Латын әліпбиіне көшу өзекті мәселе екенін түсінген білім саласының мамандары оң пікірлерін білдірді.
Насихат жұмысына білім бөлімінен 100 адам қатысты.