Комиссия отырысы өткізілді

Комиссия отырысы өткізілді

2020 жылғы 14 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Н. Нүкеновтің төрағалығымен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы онлайн режимде өткізілді.

Облыстағы тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы атқарылып жатқан негізгі шаралар мен өңірлердегі мәселелер бойынша Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Х. Қаңтарбекова баяндама жасап, жылдық жұмысты қорытындылады, келесі жылға арналған міндеттерді нақтылады.

Сонымен қатар отырыста облыс әкімінің тапсырмасымен аймағымыздағы қазақ тілінің бүгінгі жай-күйін сараптап, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша арнайы құрылған жұмыс тобының бірқатар белсенділері – М. Абдрахманова, Б. Сыздық, Ж. Абдрахманов, Ж. Тілегенов, Е. Әдікен, Ә. Жағыпар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.