
Батырлар жыры — халқымыздың рухани мұрасы. Жыр жаттау оқушының тіл байлығы мен ой-өрісін дамытуға ықпал етеді.
«Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауына қатысушылар Сүлеймен Жанбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтады. Жыр жаттаудың оқушыларға берер 5 пайдасын назарларыңызға ұсынамыз.
#ТұлпарМініпТуАлған #АлпамысБатыр #ЖырЖаттау #ҰлттықМұра