Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстары жалғасуда.

Кезекті тексеру Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жүргізілді.

Тексеру барысында мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы мен орындалу деңгейі зерделенді.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, іс қағаздарын жүргізу, электрондық құжат айналымы, сондай-ақ көрнекі ақпарат пен ресми интернет-ресурстарда орналастырылған материалдардың заңнама талаптарына сәйкестігі қаралды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу мақсатында тиісті ұсынымдар берілді.

Айта кетейік, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында облыстағы 15 мемлекеттік мекемені мерзімдік тексерумен қамту жоспарланған.

#МерзімдікТексеру

#ДенсаулықСақтауБасқармасы

#ДенеШынықтыруЖәнеСпортБасқармасы

#ҚарағандыОблысыныңТілдердіДамытуЖөніндегіБасқармасы