
Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұжымы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, облыстық сенбілікке қатысты. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен Ресурстық тіл орталығының мамандары мекемеге бекітілген К. Дүйсембеков көшесі бойындағы аумақты қоқыстан тазартып, игі іске өз үлестерін қосты.
🍂🧹 Күз мезгілінде аумақты қураған жапырақтар мен қоқыстан тазалап, қоршаған ортаға қамқорлық жасау – ортақ міндет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, туған өлкемізді таза ұстауға, қала көркін көркейтуге баршаңызды шақырамыз. Тазалықты өзімізден бастайық! Жүрген жерімізге қоқыс тастамай, айналамызды таза ұстайық – бұл табиғатқа деген қамқорлық.
🚮🍂 Тазалықты сақтайық!