БАТЫРЛАР ЖЫРЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

БАТЫРЛАР ЖЫРЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Шахтинск қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында ұстаздар мен оқушыларға арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға байқауға дайындалудың негізгі бағыттары түсіндіріліп, жырды жаттау мен мәнерлеп орындаудың тиімді тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар шығармадағы тарихи ұғымдарды зерделеу, оқиға желісін терең түсіну және жыр мазмұнын көпшілікке әсерлі жеткізу мәселелері қарастырылды.

Жобаның басты міндеті – оқушылардың батырлар жырын жатқа айтуымен ғана шектелмей, оның мазмұны мен тағылымын ұғынып, көркем сөз арқылы тыңдаушыға жеткізе білу шеберлігін дамыту.

Шахтинск қаласынан байқауға 200-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде.

Басқосу барысында ұстаздар байқауға дайындау тәжірибесімен бөліссе, оқушылар өз өнерін жетілдіруге қажетті пайдалы кеңестер алды.

Ұлттық әдеби мұраны насихаттап, жас ұрпақтың тарихи танымы мен сөз мәдениетін дамытуға бағытталған жоба өз жалғасын табуда.

Шахтинск қаласының қатысушыларына сәттілік тілейміз!

#ТұлпарМініпТуАлған

#БатырларЖыры

#АлпамысБатыр