АБАЙ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АБАЙ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Абай ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Жиында батырлар жырының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болып, эпостық шығарманы терең түсініп оқуға баса назар аударылды. Қатысушылар жырдың мазмұнын меңгеру, мәтіндегі көне сөздер мен тарихи атаулардың мағынасын түсіну және шығарманы тыңдаушыға көркем әрі әсерлі жеткізу жолдарымен танысты.

Байқауға дайындық барысында шығарманы жаттау ғана емес, оның негізгі идеясын, көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ұғынудың маңыздылығы атап өтілді.

Абай ауданынан байқауға 300-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде.

Кездесу ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына, ал оқушылардың дайындықтарын жетілдіріп, қажетті бағыт-бағдар алуына мүмкіндік берді.

Батырлар жыры арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жобаға қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

#ТұлпарМініпТуАлған

#БатырларЖыры

#АлпамысБатыр