Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстары басталды.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстары басталды.

Тексеру барысында облыстағы 15 мемлекеттік мекеме қамтылады. Тексеру жұмыстарының мақсаты – мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы мен орындалу деңгейін зерделеу.

Тексеру барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, іс қағаздарын жүргізу, көрнекі ақпарат пен ресми құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі қаралатын болады.