ҚАРҚАРАЛЫДА «ТІЛ-FEST» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ДҮРКІРЕП ӨТТІ!

ҚАРҚАРАЛЫДА «ТІЛ-FEST» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ДҮРКІРЕП ӨТТІ!

Бүгін қаламыздың орталық саябағында ерекше мерекелік атмосфера орнады! 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мен жастарға сенемін: ТІЛ-FEST» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

​ Мерекелік бағдарламада:

​ Ана тіліміздің мәртебесін асқақтатқан жүрекжарды әндер шырқалды;

​ Көрермендер арасында «Сөз тап», «Әріптер», «Сөзді жалғастыр» және «Бір адам» сияқты тартысты интерактивті ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды;

​ «Аңыз» үлгілі хореографиялық би ансамблі өздерінің мың бұралған биімен жиналған көпшілікті тәнті етіп, кешке сән берді.

​Ана тіліміз – біздің ар-намысымыз бен баға жетпес байлығымыз! Тіл мерекесі құтты болсын, ағайын!

#Қарқаралы #ТілFest #АхметБайтұрсынұлы #ТілМерекесі #ҚазақТілі АңызБиАнсамблі ЖастарҚарқаралы