ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕГІН ҮЙРЕНІҢІЗ!

ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕГІН ҮЙРЕНІҢІЗ!

Қазақ тілін еркін меңгеруді қалайсыз ба? Ендеше, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастыратын тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырамыз!

Курс туралы:

Оқу мерзімі – 3 ай;

Жалпы көлемі – 100 академиялық сағат;

Сабақтар аптасына 3 рет теориялық, 1 рет практикалық форматта өткізіледі.

Оқыту барысында тыңдаушылар өз деңгейіне сәйкес А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша білім алып, қазақ тілін жүйелі түрде меңгереді.

Курс соңында қатысушылар қорытынды емтихан тапсырады. Емтиханды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат табысталады.

Қалай тіркелуге болады?

Жеке тұлғалар хабарламада көрсетілген QR-код арқылы өздігінен тіркеле алады.

Егер мекемеде кемінде 15 адамнан тұратын топ жасақталса, ресми хат жолдау арқылы оқыту курсын тікелей мекеме базасында ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Ал топ толық жасақталмаған жағдайда сабақтар келесі оқу орындарында өткізіледі:

  • «Абзал» сауда үйі;
  • «Достық үйі» ғимараты;
  • Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34.

Байланыс нөмірі: 8 702 448 98 68

Мемлекеттік тілді меңгеру – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол!

Уақытты тиімді пайдаланып, қазақ тілін кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен тегін үйреніңіз!

#ҚазақТілі #ТегінКурс #ТілҮйрену #Қарағанды #ТілдердіДамыту #МемлекеттікТіл