
Өңірдегі оқыту орталықтары:
- Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы» КММ (Мемлекеттік тіл оқыту курсымен 2024 ж. – 545 адам, ағылшын тілі курсымен - 250 адамды, 2025 ж. - 650 адам, ағылшын тілі курсымен – 300 адам қамтылып, , 2026 ж. - 700 адам, ағылшын тілі курсына - 300 адам қамтылады);
- Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ (Мемлекеттік тіл оқыту курсымен 2024 ж. -245 адам, ағылшын тілі -180 адам, 2025 ж.-600 адам, ағылшын тілі – 300 адам, қамтылды,2026 ж. – 600 адам, ағылшын тілі 300 адам қамтылады);
- Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ (Мемлекеттік тіл оқыту курсымен 2024 ж. -1055 адам, ағылшын тілі курсына -300 адам, 2025 ж.-285 адам қамтылды, ағылшын тілі курсына -180 адам қамтылды, 2026 ж. – 296 адам, ағылшын тілі курсына – 182 адам қамтылады);
- Шахтинск қаласының «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ (Мемлекеттік тіл оқыту курсымен 2024 ж. 171 адам, ағылшын тіліне -100 адам, 2025 ж. -180 адам, 103 адам қамтылды, 2026 ж. -200 адам, ағылшын тіліне -120 адам қамтылады);
- Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ. ( Мемлекеттік тіл оқыту курсымен 2024 ж. 130 адам,2025 ж. – 172 адам қамтылды, 2026 ж. -150 адам қамтылады).
Облыста жылына 4 мыңнан астам адам оқыту курстарымен қамтылады және Басқарма аталған курстардың тиімді жүргізілуіне бақылау жүргізеді:
2024 жылы – қазақ тіліне 3533 адам, ағылшын тіліне -1646 адам қамтылды.
2025 жылы –қазақ тіліне 3264 адам, ағылшын тіліне -1442 адам қамтылды.
2026 жылы – қазақ тіліне 3269 адам, ағылшын тіліне -1356 адамды оқыту жоспарлануда.
Қарағанды облысы аумағында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға жоспарланған тегін тілдік оқыту курстарының ІІІ кезеңі аяқталды.
Жалпы жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы 3260 адамды мемлекеттік тілге, 1360 адамды ағылшын тіліне, 50 адамды орыс тіліне және 50 адамды түрік тіліне оқыту көзделген. Бүгінгі күні 2178 адам қазақ тілі, 963 адам ағылшын тілі, 39 адам орыс тілі, 40 адам түрік тілі курстарымен қамтылды.
Мемлекеттік тілді оқыту курстары аптасына 3 рет өткізіліп, 3 ай мерзімге ұйымдастырылады. Оқыту көлемі 72 академиялық сағатты құрайды. Сонымен қатар тыңдаушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында 28 сағаттық сөйлеу клубтарының жұмысы жүргізілді. Осылайша, оқыту бағдарламасының жалпы көлемі 100 академиялық сағатты қамтыды.
Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілін меңгерудің толық бағдарламасы бойынша (A1, A2, B1, B2, C1 деңгейлері) білім алады. Оқу курсын толық аяқтағаннан кейін қатысушылар қорытынды емтихан тапсырып, нәтижесіне сәйкес белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.Курстардың келесі легі қыркүйек айынан басталады деп жоспарланып отыр.
2026 жылы облыс тілдерді оқыту жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады:
- өңірдегі мемлекеттік тіл оқыту бағытын біріздендіру мақсатында 72 сағаттық оқыту курсына, 28 сағаттық сөйлесу клубына арналған бірыңғай бағдарламаға көшті;
- «Сарыарқа-2» «Сарыарқа-3» бағдарламалары негізінде оқу мазмұнын жаңартты;
- бағдарламаға енгізу арқылы сөйлесу клубтарының жұмысын күшейтті;
- тілдік лагерьлерді тұрақты форматқа енгізді;
- әдіскерлер мен оқытушыларға арналған бірыңғай әдістемелік таныстырылым өткізілуде;
- тыңдаушыларды тарту бойынша ақпараттық жұмыс күшейтілді;
- курстардың нәтижесін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін енгізді.
Бұл өзгерістер оқыту мазмұнын біріздендіруге және өңірдегі барлық орталықтардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Өңірде 2024 жылдан бері тілдік лагерь жұмысы іске қосылды. Аталған жылы 20 адам қамтылса, 2025 жылы 85 адам қамтылды, 2026 жылы лагерьдің тиімділігіне орай барлық аудан, қалаларда өткізу жоспарға енгізілді.
Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру бағытына сәйкес ересектерге заманауи талаптарға сай әдістемелік кешендер, 2023 жылы А1 деңгейлі оқу-құралы ютуб каналы, сайтымен, 2024 жылы А2, В1, В2 деңгейлі «Сарыарқа-3» оқу-әдістемелік кешені веб-сайтымен әзірленді. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы туралы ақпараттар тіл үйренушілердің деңгейіне қарай бейімделген «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің танымдық қосымшасы (хрестоматиясы) жарық көрді. 2025 жылы «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің С1 деңгейін веб-сайтымен әзірленді. Облыс бойынша қолдану үшін өңірлерге таратылды.