Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас мамандары Ұлжан Бөрібаева мен Назгүл Абиханова Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, көрнекі ақпарат пен жарнаманы заңнама талаптарына сәйкес ресімдеу, азаматтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсету, сондай-ақ тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, «Жарнама туралы» Заңының, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің тілге қатысты нормалары мен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабында көзделген талаптар түсіндіріліп, оларды тәжірибеде тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.