Бүгін Балқаш қаласында қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін (А1, А2, В1, В2, С1) жетілдіру және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында әзірленген жұмыс бағдарламасының В2 деңгейі бойынша өңір мамандарына арналған мазмұнды шеберлік сабағы өткізілді.

Бүгін Балқаш қаласында қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін (А1, А2, В1, В2, С1) жетілдіру және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында әзірленген жұмыс бағдарламасының В2 деңгейі бойынша өңір мамандарына арналған мазмұнды шеберлік сабағы өткізілді.

Ашық есік күні аясында тәжірибелі оқытушылар қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен инновациялық бағыттарын таныстырып, практикалық жұмыстар арқылы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар оқу үдерісінде қолданылатын тиімді оқыту технологиялары, интерактивті әдістер мен тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгілерімен танысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған «Қазақша сөйлеу – тренд» жобасының амбассадорлары көпшілікке таныстырылып, қазақ тілін дәріптеуге және қоғамда кеңінен насихаттауға қосқан үлестері үшін оларға салтанатты түрде «Балқаш қаласының амбассадоры» атағы берілді.

Іс-шараны Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі және «Балқаш қаласының Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Шеберлік сабағына Қарағанды облысының бірнеше өңірінен келген тіл саласының мамандары қатысып, іс-шараның мазмұны мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасудың кәсіби біліктілікті арттырудағы маңызын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мұндай тәжірибе алмасу алаңдары мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға, әдістемелік жұмысты жетілдіруге және өңір мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік беретіні ерекше аталып өтті.