3-орын — E-not командасы!

3-орын — E-not командасы!

Hack 09 өңірлік хакатонында 3-орын иеленіп, 250 000 теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алған E-not командасын шын жүректен құттықтаймыз!

Команда қазақ тілін заманауи технологиялар арқылы үйренуге арналған Tilim ұлттық цифрлық экожүйесін таныстырды.

Платформа пайдаланушыларға:

жас ерекшелігіне қарай автоматты түрде бейімделетін интерфейсті;

XP жүйесі, жетістіктер мен рейтингтерге негізделген геймификацияны;

айтылымды интеллектуалды талдайтын және сөйлеу дағдысын дамытатын модульді;

сөздерді тиімді есте сақтауға арналған аралық қайталау жүйесін;

кез келген уақытта оқуға мүмкіндік беретін Telegram-ботпен біріктірілген оқытуды;

ҰБТ-ға дайындық, дауыстық көмекші, білім беру маркетплейсі және заманауи контентті біріктіретін бірыңғай білім беру экожүйесін ұсынады.

Tilim жобасы – қазақ тілін үйренуді қызықты, қолжетімді және тиімді ететін инновациялық шешім.

E-not командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жобаларыңыздың дамуына, жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістерге тілектеспіз!