Қарағанды облысында тіл туралы заңнама аясында мемлекеттік мекемелер тексерілді.

Қарағанды облысында тіл туралы заңнама аясында мемлекеттік мекемелер тексерілді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас мамандары Ұлжан Бөрібаева мен Назгүл Абиханова «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы бойынша жыл басынан бері 15 мемлекеттік мекемеде мерзімді тексеру жүргізді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жоспарға сәйкес тексеру жұмыстары қорытындыланды.

Басқарма мамандары Қарағанды, Саран, Теміртау және Балқаш қалаларында, сондай-ақ Бұқар жырау, Осакаров және Қарқаралы аудандарындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілге қатысты заңнама талаптарының орындалуын зерделеді. Тексеру барысында мекемелердегі іс қағаздарының жүргізілуі, электрондық құжат айналымы, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылған көрнекі ақпараттың заңнама талаптарына сәйкес ресімделуі қадағаланды.

Анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді. Сонымен қатар басқарма мамандары тексеру жүргізілген барлық мекемелерде мемлекеттік және азаматтық қызметкерлермен кездесіп, тіл заңнамасының талаптарын түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетті.