
«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-нің «Ресурстық тіл орталығы» КММ 2026 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35-жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізеді.
1.1. «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы: «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-нің «Ресурстық тіл орталығы» КММ
2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
3.1. Байқауға Қарағанды облысының аудан және қалаларынан мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус және т.б. салалар) қызмет атқаратын, 18-45 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.
3.2. Байқаудың кезеңдері:
І кезең. Әлеуметтік желілерде (Tiktok, Facebook, Instagram) #tiltrend хэштегімен жарияланған, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып аудиовизуалды өнім әзірлеп жариялау.
ІІ кезең. Өз жұмыс орнында (саласында) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жоба ұсыну.
ІІІ кезең. Берілген тақырыпта ой толғау. Үміткер ұяшық таңдап Отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында сөз саптайды (берілетін уақыт – 3 минут).
3.3. Қазылар алқасы әр кезең бойынша үміткердің тіл тазалығын, сахна мәдениетін, берілген тақырыпты аша білуін, жауаптың дұрыстығы мен толықтығын бағалайды.
3.5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жүлде қоры:
I орын (біреу) – 200 000 теңге;
II орын (біреу) – 150 000 теңге;
III орын (біреу) – 100 000 теңге;
Ынталандыру жүлделері (екеу) – 50 000 теңге
4.1. Байқау үміткерлерін бағалап, жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (үш адам) тұратын Қазылар алқасы құрылады.
4.2. Байқауға қатысу туралы өтінімді 2026 жылдың 22 маусымына дейін (02resurs@mail.ru) электронды поштасына жолдануы қажет (қосымшаға сәйкес). Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қаралмайды.
4.3. Іссапар шығындары қатысушы тарапынан өтеледі.
4.4. Байқаудың өтетін орны қосымша хабарланады.
4.5. Байланыс телефондары: : 8 (7212) 78-04-09; 8 747 793 75 85
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»
облыстық байқауын өткізу
жөніндегі ережеге қосымша
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауына қатысуға өтінім
Аты-жөні __________________
Ұлты ____________________________
Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы _______________________________________
Байланыс телефоны, эл.пошта _____________________________________________
Жеке куәлігінің көшірмесі (қоса тіркеу қажет).
Қолы
Күні